"Білім берудегі жаңа технологиялар" пәнінен онлайн ашық сабақ
- 1 view
«Білім берудегі жаңа технологиялар» пәнінен онлайн ашық сабақ
Тақырыбы: «Оқу жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы»
Оқытушы: ғ.м., аға оқытушы Н.С. Файзиев
YouTube каналда бейнесі: https://youtu.be/Su19X3rvlB0
Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Топ: БПӘ-17,27
Курс: 4
I. Сабақтың тақырыбы: «Оқу жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы»
II. Сабақтың жоспары:
1. Стратегиялары
2. Сабақ өткізу жолдары
2.Сабақтың мақсаты. Оқу жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын жүзеге асырудың жолдарын анықтап,тиімдістратегиялардықолдануарқылы сабан өткізу.
IV.Сабақтың көрнекілігі: АКТ, презентация, плакаттар.
V. Сабақтың барысы:
Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар.
1. Адам не үшін ойланады?
2. Не үшін сұрақ қоямыз!
3. Оқу не үшін қажет?
4. Жазу мен оқудың айырмасы не?
5. Ойлауға не түрткі болады?
6. Жазуға қандай қабілеттер қажет?
“Сыни тұрғыдан ойлау”дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлауға берілуі мүмкін анықтамалар
1. Сын тұрғысынан ойлау жазылғанның немесе айтылғанның барлығына сене бермеу дегенді білдіреді.
2. Сын тұрғысынан ойлау адамдардың өздері айтқан тұжырымдарын дәлелдеуін өтінуді білдіреді.
3. Сын тұрғысынан ойлау жақсы сұрақтарды тұжырымдау дегенді білдіреді.
4. Сын тұрғысынан ойлау бір нәрсеге қатысты дәлелдер ұсынуды білдіреді.
5. Сын тұрғысынан ойлау өзіңіздің әлем туралы біліміңізді қалай құрастыратыныңызды білдіреді.
6. Сын тұрғысынан ойлау ғалым, тарихшы немесе математик сияқты ойлау дегенді білдіреді.
7. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – философия.
8. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ойлау туралы ойлану.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90 жылдарда мұғалімдер үшін әйгілі бола бастады. Мазмұны жағынан бұл бағдарлама оқыту әдістері бағытының бірі болып табылады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы – RWCT ағылшынша Readinq and Writinq for Critical Thinkinq, яғни орысша аударғанда «Развитие критического мышления через чтение и письмо».
RWCT жобасында сабақ құрылымы анық көрсетілген және оқу-шылардың әрекеттері үшін нақты стратегиялар беріледі.
Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады [39]. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар «сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде. Сын тұрғысынан ойлауды көптеген мұғалімдер мен зерттеушілер «сынау» деген ұғыммен шатастырады. Сондықтан да жұмыстарының нәтижесін көре алмайды. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде психолог ғалым В.Г. Крутецкийдің берген анықтамасы біздің көңілімізден шықты. Ол: «ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру» дейді.
Осыған дейінгі жарық көрген мақалада «Сыни ойлауды дамыту» жобасын жүзеге асыру бағдарламасының құрылымы үш фазадан тұратындығын айтқанбыз. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: қызығушылықты ояту, Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. мағынаны ажырату, Соның бірі INSERT.
Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. ой толғаныс. «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Бұл сатыларды басқаша сабақтың құрылымдық кезеңдері деп те атауға болады. Өйткені СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер өздерінің сабақ жоспарларын осы үш саты бойынша құрады. Әркезең «стратегиялар» арқылыжүзегеасады. СТО жобасында 80 гежуық «стратегиялар» бар.
Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Қорытынды. Блум таксияномиясы арқылы сабақты бекіту
Кері байланыс.
Шығу парағы
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет