«Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» пәнінен онлайн ашық сабақ
- 1 view
«Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» пәнінен онлайн ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ата-аналар мен балалардың міндеттемелері
Білім беру бағдарламасы: 6В04201 – «Құқықтану»
Топ: Құқ-10
Курс: 1
Оқытушы: ғ.м., аға оқытушы Райхан А.
Ашық сабақтарын материадары: https://cloud.mail.ru/public/s2Vi/2pEbec44E
Бейнематериалдары: https://youtu.be/M3ybOf8UZh8
Сабақтың жоспары:
1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды аырап бағу жөніндегі міндеттері.
2. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша сомасы түрінде алимент өндіріп алу.
3. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап- бағу жөніндегі міндеттері.
Сабақтың мақсаты: Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін анықтау.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, электронды оқулық, слайд.
Әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, сұрақ-жауап, түсіндіру, кері байланыс, рефлексия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
Өткен сабақтарға қысқаша қайталау жасап, топ студенттерінің ойын жинақтау, жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.
Жаңа білім 25 минут
Студенттер төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып сабаққа өздері мақсат қояды:
- Сабақ тақырыбы бойынша не үйренемін?
- Сабақ соңында нені түсінемін?
- Бұл сабақты үйрену арқылы неге қол жеткіземін?
Тыңдалым: Студенттер жаңа мәтінді тыңдайды.
Тапсырма: Студенттерге жаңа тақырып мазмұны бойынша түсінбеген және үйренгісі келген мәселелер төңірегінде оқытушыға немесе топ студенттеріне сұрақтар қояды.