«Сырдария құрамасы» – Мақтааралдың мақтанышы

Shymkent kelbeti, қоғамдық-саяси газет

«Сырдария» университеті – Мақтааралдың рухани байлығы деген ұстаныммен құрылған көңілді тапқырлар тобы бүгінде барлық аймаққа танымал. Әзіл сүйер қауымның асыға күтетін кейіпкерлеріне айналған «Сырдария құрамасы» 2013 жылы ақпанда құрылған.

Сол жылы Алматы қаласында өткен Республикалық ашық лигада жеңімпаз атанды.

2012-2013 жылдары облыстық жайдарман лигасында қатарынан екі жыл 2-ші орын, Созақ ауданы әкімінің жүлдесі үшін болған сайыста 2-ші орын, Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі үшін болған сайысқа үш рет қатысып, екеуінде үздік ойыншы номинациясын иеленсе, осы жылы болған ойында 3-ші орын алды.

«Маусымашар – 2014» маусымында 23 команда қатысып, оның бірінші орнын иеленгені үлкен жетістік. Көңілді тапқырлар құрамасына университет басшысы Аяшева Есенкүл Сейілқызы қолдау көрсетіп келеді.

Құрама мүшелері көрерменге күлкі, бақыт сыйлаудан жалыққан емес, керісінше сахна өнері оларды қанат қақтыруға үйретіп, арман жолындағы мақсаттарына күш беруде.

Оны команда капитаны Марат былайша түсіндіреді: «Әзіл шығару деген негізі құбылмалы дүние біз үшін. Себебі, кейде командадағы жігіттер бір әзіл шығарудың өзі сұмдық қиындайды, ал кей кезде бірінен соң бірі ілесіп идеялар келіп жатады.

Мысалы,  премьер лига ойындарының ширек финалындағы бауырсақ жайлы көрінісіміз 30 минутта шыққан дүние. Ал әзіл жазарда біз оның ең алдымен тақырыпқа сай болуын, күлкілі жағын, өмірден алынуын, астарындағы мағынасына қарауға тырысамыз және қазақилықтың иісі шығып тұрса деген ой болады. Салт-дәстүр, әдет ғұрыпты сақтаған дұрыс қой...».

Көпшілік қызыға қарайтын «Сырдария құрамасының» «Бауырсақ», «Қалқаман – Мамыр», «Әдеби жігіттердің ерегісі», «Мектепте болған жағдай» атты сатиралық қойылымдары өз деңгейінде бағаланып келеді.

Ал команда құрамына келетін болсақ, онда барлығы – 8 жігіт. Команда жетекшісі Е.А. Бакиров, команда капитаны – Сәрсенбаев Марат.

Сонымен бірге, Тюльбашев Тоқтар, Нұрсейт Абжан, Үсенов Нұрсұлтан, Ирсимбетов Нұрлан, Дүзел Марат, Оралбеков Абай, Бектас Диас «Сырдария құрамасының» негізгі мүшелері.
Құраманың биылғы жетістігі «Әдебиет маусымы» жайдарман лигасында чемпион атануы.

Бұл топтың ғана емес, Мақтаарал ауданының, университеттің мерейі.

19 желтоқсан 2014 жыл

Сілтеме:

https://shymkala.kz/index.php/culture/item/1035-syrdariya-ramasy-ma-taaraldy-ma-tanyshy


 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.