Кәсіптік бағдар бойынша Шардарада өткен кездесу

7Сыр Республикалық қоғамдық-саяси газет, №22 (22) 05.06.2009 жыл, 2 бет

Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы мәдениет сарайында «Сырдария» университетінің басшылары осы аудандағы орта мектептердің директорлары, мұғалімдері және бітіруші бір топ оқушылармен кәсіптік бағдар бойынша кездесу өткізді.

Кездесуге келгендерге алдымен «Сырдария» университеті туралы қысқаша деректі фильм көрсетілді.

Содан кейін белгілі қоғам қайраткері «Сырдария» университетінің негізін қалаған О.Аяшев мырза аталмыш жоғарғы оқу орнының он жылдың ішінде жеткен жетістіктері, студенттерге жасалған жағдайлар туралы әнгімелеп берді.

Бұдан соң залдан бірнеше сұрақтар қойылды. Асыраушысы жоқ жетім балаларға көрсетілетін көмектер, мемлекет тарапынан гранттың бөлінуі, жатақхана, төлемақы туралы қойылған сауалдарға түсінікті жауаптар қайтарылды.

Кездесу барысында Шардаралықтарға әйгілі күйші-композитор, профессор Б.Иса бастаған «Сырдария» университетінің «Жетісай сазы» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі арнайы концерт берді.

Кездесудің соңында Шардаралық мектеп директорларына О.Аяшев мырза «Сырдария» университетіне он жыл кітапшасын сыйлыққа тарту етті. Шардара аудандық білім бөлімінің меңгерушісі С.Шынтаев өзінің алғысын білдірді.

Бұл кездесуге «Сырдария» университетінің волейбол командасы да барған болатын. Спортшылар Шардара командасымен жолдастық кездесу өткізді. Ойын өте тартысты болды. Алғашқы партияда ұтылған «Сырдария» университетінің волейболшылар ойынды ширата түсіп, қалған екі партияны қатарынан ұтып, жеңіске жетті.

Кездесуге келген оқушылар үлкен әсермен тарқады. Олармен пікірлесіп көріп едік «Сырдария» университетінің таңдап отырған жастар көп екен.

Демек, үкілі үмітпен отырған мектеп бітірушілеріне алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, «Сырдария» университетіне қош келіпсіздер демекшіміз.

 

«Жеті сыр» ақпарат.

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.