Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі сіздерді оқуға шақырады!

Университетте Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (магистратура) лицензияға сәйкес күндізгі бөлімде 6 мамандықтар бойынша:

  1. 7М01101-Педагогика және психология
  2. 7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  3. 7М01601-Тарих педагогтарын даярлау
  4. 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау
  5. 7М01702-Шет тілі: екі шет тілі педагогтарын даярлау
  6. 7М04101-"Экономика"

магистрлер дайындайды. 

         Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (Магистратура) ғылыми, мәдени, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, жоғарғы оқу орындары үшін кәсіптік дайындықты терең меңгерген мамандар мен ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындайды.

          Бөлім түлектері бүгінгі таңда Республиканың ЖОО-ында және жергілікті басқару органдарында қызмет атқаруда. Олар бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өздерінің үлестерін қосып келеді.

ЖООКББ бөлімі жоғары білікті мамандарды әзірлеуде кең көлемдегі білім, ғылым, рухани тәрбие беру, инновация және зерттеу негіздеріне ие.

         Біз бүгінде еліміздің ертеңгі үкілеген үміттері – білікті маман әзірлеп жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз. Магистратураны аяқтаған түлектеріміз Қазақстан және шет елдерде докторантурада және аспирантурада білімдерін жетілдіруде.

         «Сырдария» университетінде магистранттар ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша білім алады. Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына университеттің білікті ғалымдары жетекшілік жасайды.

Университеттің «Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында» магистранттарға ғылыми жұмыстармен айналысуға толық мүмкіндік жасалған.

         Университетте өзге шетелдік және отандық ЖОО-мен екі жақты байланыстар орнатылған, жоғарғы оқу орындарынан  дәріс оқу үшін профессор-оқытушылар арнайы шақырылады.

         Магистранттар осы екі жақты байланыстар орнатылған ғылыми орталықтар мен жоғарғы оқу орындарына ғылыми-зерттеу тағылымдамасына жіберіліп отырады.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/359892385406743/

https://www.instagram.com/p/CD3g6kkBPZs/

https://youtu.be/IRB57OckDMA

 

Теги: