Кітапхана бөлімі сіздерді оқуға шақырады!
- 1 view
Кітапхананың өсуі мен дамуы университет тарихымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда кітапхананың материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталып, оқытушылар мен студенттердің виртуалды семинарлар мен Интернет-конференциялар, on-line режимінде теориялық және ғылыми мәселелерді талдау, видео-конференция байланысымен телекөпір ұйымдастыру және оқу орындары арасындағы бірлескен жобаларды орындау, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттік олимпиадалар өткізу мүмкіндіктері жасалған.
Оқырмандарға 4 оқу, 2 электронды, 1 мерзімді басылымдар мен анықтамалық-ақпараттық сектор залдары қызмет көрсетеді.
Кітапхана қорын 342280 кітап басылымы құрайды. Кітапхана қорында сирек басылымдар, диссертациялар, авторефераттар, монографиялар, көркем шығармалар бар. Негізгі оқу қорларынан бөлек анықтама-библиографиялық, ресми, нормативті-құқықтық басылымдар қоры бар. Жыл сайын кітапхана білім саласы бойынша 70-тен аса мамандандырылған, ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем-әдеби журналдар мен газеттерді жазып алады.
Кітапхана ИНТЕРНЕТ ресурстарын пайдалануда ақпараттарға еркін және шексіз енуді қамтамасыз етеді.
Университетте заманауи кітапхананы құру үшін кітапхана-библиографиялық үрдістерді ТОО «Kazakh soft» компаниясы өңдеген «Кабис» (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі) лицензияланған бағдарламасы кітапханаға енгізілді. Электрондық кітапхана ресурстары бойынша «Сырдария» университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында үздік ондықтың төртінші сатысында тұр.
Кітапхананың 6 қызметкері Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі курсын толық бітіріп, сертификат алды.
Университет кітапханасы Мақтарал аудандық кітапханасы, Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана және «Отырар» әмбебап кітапхаларымен келісімшартқа отырған.
Кітапханада студенттердің бойына патриоттық сананы қалыптастыру, тәрбиелеу, белсенділіктерін арттыру мақсатында түрлі көпшілік іс-шаралар, мерекелік кештер, кітап көрмелері, кездесулер мен жаңа басылымдардың презентациялары өткізіліп отырылады.
Сілтемелер:
https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/358896572172991/
https://www.instagram.com/p/CD0_fzZhUWQ/
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет