"Құқық және экономика" кафедрасы сіздерді оқуға шақырады!

"Құқық және экономика" кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

Бакалавриат бағдарламалары:

1. 6В04101-"Есеп және аудит"

2. 6В04102-"Қаржы"

3. 6В04103-"Экономика"

4. 6В04201-"Құқықтану"

Магистратура бағдарламасы: 7М04101-"Экономика".

«Құқық және экономика» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы бағыты «Әлемдік экономиканың жаһандануы және интеграциялануына байланысты экономикалық білімнің жаңа, ұлттық моделіне негізделген бағытын жүзеге асыру» және «Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру проблемеларын зерттеу және тұжырымдар ұсыну», осы бағытта кафедра ұжымы бірлесіп жұмыс атқаруда.

Барлық оқытушылардың базалық білімдері жүргізілетін пәндері бойынша сәйкес келеді. Кафедра профессор-оқытушылары тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми-зерттеу мақалаларымен қатар, оқу-әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді. Кафедра профессор-оқытушылары өздеріне бөлінген пәндер бойынша силлабустарын, лекциялар жинағын, тапсырмалар мәтіндерін, ОБСӨЖ материалдарын және оқу-әдістемелік кешендерін әзірледі.

Профессор-оқытушылар жыл сайын оқу құралдарын, монографияларын, ғылыми мақалаларын баспадан шығарып отырады. Кафедра  оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша барлық  қажетті құжаттармен қамтамасыз етілген. Олар: мемлекеттік стандарттар, типтік оқу жоспарлары, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу бағдарламасы, оқулықтар, әдебиеттер т.б.

Студенттердің шығармашылық жұмыспен айналысуына кафедраның “Жас заңгер”, “Жас экономист” үйірмелері үлкен мүмкіндіктер жасауда. Кафедраның профессор-оқытушылары мен талапты, білімді студенттері қалалық, облыстық сондай-ақ, экономика мамандығын жетілдіру институттары ұйымдастырған семинарларға және көрмелерге белсене қатысып келеді.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/357118822350766/

https://www.instagram.com/p/CDv4iQNBNIC/

https://youtu.be/q0eHDOa52c0

 

 

Теги: