"Шетел тілдері" кафедрасы сіздерді оқуға шақырады!

«Шетел тілдері» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

 Бакалавриат бағдарламалары:

1. 6В01702-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау

2. 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

 Магистратура бағдарламалары:

7М01702 - Шет тілі: екі шет тілі педагогтарын даярлау

 «Шетел тілдері» кафедрасы шет тілі пәнінен  педагог мамандар, ғылыми қызметкерлер даярлайды. «Шетел тілдері» кафедрасына қатысты «Шет тілін оқыту әдістемесі», «Ағылшын тілінің фонетикасы», «Лингафон» кабинеттері өздеріне тиісті тіл және әдебиет оқулықтарымен, әдістемелік  көрнекі құралдармен, жиһаздармен  жабдықталған.

Кафедра оқу процесін ұйымдастыру мен өзіндік жұмыстардың орындалуына арналған қажетті  техникалық құралдармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар кафедрада студенттердің коммуникативті дағдылары мен өзара пікір алмасу мәдениетін дамытуға арналған «English club», «Ағылшын тілі»  үйірмесі бар.

    Кафедрада оқытушылардың біліктілігін Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарында жетілдіру мәселесі ұйымдастырылған. Кафедраның бірнеше жас оқытушылары Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кәсіби біліктілігін жыл сайын арттырып отырады.

 Осындай қолайлықтар жасалған оқу ордасының оқытушылары және студенттері де жоғары жетістіктерге жетуде. Университет қабырғасында білім алған студенттер бүгінде еліміздің түрлі салаларда жемісті еңбек етуде.

Университет басшылығы білім сапасын жоғары халықаралық талаптарға сәйкестендіре отырып, әлемнің жетекші университеттерінің қатарына қосылу үшін алға қойылған міндеттер мен талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Яғни, халықаралық стандарттар негізінде білім алып, болашаққа нық қадам жасайтын рухы биік, білімді, білікті маман тәрбиелеуге кең жол ашыла бермек.

      Қазірде ағылшын тілі мамандығын  таңдағандар ешқашан да жаңылыспайды. Елбасы «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деген.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/350416543020994/

https://www.instagram.com/p/CDdqM6FBMoB/?igshid=ai5pucglqad

https://youtu.be/iSs6KpiFNvQ

 

Теги: