"Жоғары математика және физика" кафедрасы сіздерді оқуға шақырады!

«Жоғары математика және физика» кафедрасы

  1. 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
  2. 6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау

     білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды.

 Мырзашөл өңіріндегі орта мектептердегі физика және математика пәні мұғалімдерінің 50%-ға жуығы факультетіміздің түлектері болып табылады.

Профессор-оқытушылар Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми зерттеу мақалаларымен қатар,

оқу-әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді.

Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан

шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының қорын жыл сайын  толықтырып келеді. Кафедра дайындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу-тәрбие үдерісінің  әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі мамандар даярлау сапасын жоғарылатудың қазіргі таңдағы қалаптарына сай.

 Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен заман талабына сай жабдықталған.

Механика, молекулалық физика оқу зертханасында еркін түсу үдеуін Атвуд машинасының көмегімен анықтау және күштердің арасындағы бұрыштарды анықтап тәжірибе жасауға, лабораториялық жұмыс жүргізуге  қажетті приборлармен жабдықталған. Студенттер электр тогы және кернеу заңдылықтарын тәжірибе жүзінде өткізіп, өз істеріне зерттеу жүргізе алады.

Оқу процесі барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттармен, оқулықтар және әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Кафедра ұжымы «Аралас және аралас-құрама түрдегі теңдеулер үшін шеттік есептер және олардың  спектральдық мәселелері» бағытында ғылыми жұмыстар  жүргізеді. 

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/345793736816608/

https://www.instagram.com/p/CDQ4MUXBstx/

https://youtu.be/SA_eERYHVu8

 

Теги: