"Заңтану, экономика және қашықтықтан оқыту" факультеті сіздерді оқуға шақырады!

Құрметті жас талапкер 

Сізді «Сырдария» университетінің студенті болуға шақырамыз!

Біздің басымдықтар:

      - «Сырдария»  университетінде әскери кафедра жұмыс жасайды, әскери кафедраны бітірген түлек лейтенант шенін алып шығады;

  • алтын белгі, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына және жетімдер мен мүгедектерге оқу төлемақысынан жеңілдіктер қарастырылған;
  • ішкі академиялық ұтқырлық аясында басқа ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
  • сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Ұлыбритания (Лондон),  Үндістан  (Дели), Грекия (Афина) ЖОО-да оқу мүмкіндігі;

     - 2020-2021 оқу жылында қаңтар, тамыз айларында өткен ҰБТ нәтижесі бойынша100 баллдан жоғары жинаған талапкерлер университет бөлген білім грантымен тегін оқуға қабылданады.

     «Сырдария» университеті профессор-оқытушылар құрамы Сіздердің сапалы білім алуларыңызға жағдай жасайды.


         «Заңтану, экономика және қашықтықтан оқыту» факультеті келесі блім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

      Бакалавриат бағдарламалары:

  1. 6В04101-"Есеп және аудит"
  2. 6В04102-"Қаржы"
  3. 6В04103-"Экономика"
  4. 6В04201-"Құқықтану"

Магистратура бағдарламасы:

1.   7М04101-"Экономика".

Факультеттің құрамында «Құқық және экономика» кафедрасы бар. Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 17 профессор–оқытушы: оның ішінде 3 ғылым докторы;       6 ғылым кандидаты, 5 ғылым магистрі, 2 аға оқытушы айналысады.  Факультет бойынша ғылыми дәрежелі, атағы бар оқытушылардың үлесі 52% құрайды. 

Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.

Факультет өзінің оқу процесінде жүйелі түрде озық әдістемелік инновациялық технологияларды кең пайдаланады. Оқу дәрісханалары заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған. Студенттерге дәрістер өту үшін Республикамызға танымал белгілі ғалымдар, білікті мамандар шақырылып тұрады. Білім беру саласындағы жаңа интеграциялық процестер, соның ішінде, кредиттік оқу жүйесі факультет студенттерінің дербес жұмысын сапалы және тиімді ұйымдастыруын, студенттің өз бетінше білім алу мүмкіндігін арттыруды көздейді.

Жалпы, факультетінің материалдық-техникалық базасы жоғары дәрежеде, оқу аудиториялары кең, әрі жарық, заман талабына сай жабдықталған. Үш қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабатына «Заңтану, экономика және қашықтықтан оқыту» факультеті орналасқан.  

Студенттердің сабақтан тыс кезінде, спортпен өнермен айналысуына жан–жақты жағдай жасалған.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/343914287004553/

https://www.instagram.com/p/CDLTBbSBK7k/

https://youtu.be/3QpOChJ9XTc

 

Теги: