«Филология және гуманитарлық білім» факультеті сіздерді оқуға шақырады!

Құрметті жас талапкер 

Сізді «Сырдария» университетінің студенті болуға шақырамыз!

Біздің басымдықтар:

      - «Сырдария»  университетінде әскери кафедра жұмыс жасайды, әскери кафедраны бітірген түлек лейтенант шенін алып шығады;

  • алтын белгі, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына және жетімдер мен мүгедектерге оқу төлемақысынан жеңілдіктер қарастырылған;
  • ішкі академиялық ұтқырлық аясында басқа ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
  • сыртқы академиялық ұтқырлық аясында Ұлыбритания (Лондон),  Үндістан  (Дели), Грекия (Афина) ЖОО-да оқу мүмкіндігі;

     - 2020-2021 оқу жылында қаңтар, тамыз айларында өткен ҰБТ нәтижесі бойынша100 баллдан жоғары жинаған талапкерлер университет бөлген білім грантымен тегін оқуға қабылданады.

     «Сырдария» университеті профессор-оқытушылар құрамы Сіздердің сапалы білім алуларыңызға жағдай жасайды.


«Филология және гуманитарлық білім» факультеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

Бакалавриат бағдарламалары:

  1. 6В01101-"Педагогика және психология"
  2. 6В01201-"Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы"
  3. 6В01301-"Бастауышта оқыту  педагогикасы   мен  әдістемесі"
  4. 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау
  5. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімдерін даярлау
  6. 6В01702-Шет тілі: екі шеттілі мұғалімдерін даярлау
  7. 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
  8. 6В03201-"Кітапхана ісі"

           Магистратура бағдарламалары:

  1. 7М01101 – «Педагогика және психология»
  2. 7М01301– «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
  3. 7М01601 – Тарих педагогтарын даярлау
  4. 7М01701 – Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау
  5. 7М01702 - Шетел  тілі: екі шетел  тілі педагогтарын даярлау

 

Факультеттің құрамында 5 кафедра бар: «Педагогика және психология» кафедрасы, «Білім беру технологиялары» кафедрасы, «Шетел тілдері» кафедрасы, "Отан және шетел тарихы" кафедрасы және "Филология" кафедрасы. Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 76 профессор–оқытушы: оның ішінде 8 ғылым докторы, 36 ғылым кандидаты, 3 философия докторы (PhD), 21 ғылым магистрі, 8 аға оқытушы айналысады. Факультет бойынша ғылыми дәрежелі, атағы бар оқытушылардың үлесі 61% құрайды. Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай.  

Жетісай қаласынан 30 шақырым солтүстік-шығыста табылған, бұдан алдын мүлдем зерттелмеген Ортағасырлық Үтіртөбе, Күлтөбе қалаларына 2004 жылдан бастап, «Отан және шетел тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылар мен студенттерінен құралған Мырзашөл археологиялық экспедициясының зерттеу жұмыстарын жүргізуі және оны ғылыми айналымға енгізуі университет ғалымдарының қол жеткізген ірі табыстарының бірі. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 2004 жылы университетте музей ашылды. Музейдің экспонаты қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлермен жыл сайын толығып, көлемі ұлғайып келеді. Ауданымыздың іргелі мәдени ордасына айналған музей 2016 жылы Түркістан облысының туристік маршрутына енді.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/340198827376099/

https://www.instagram.com/p/CDA8j4KhKHB/

https://youtu.be/UikoiGQgjiM

 

Теги: