Ой танымымды жетілдірудемін
- 1 view
«Сырдария» университеті - Мақтааралдағы білім мен ғылымның ірі орталығы, жоғары кәсіби мамандар даярлайтын инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы.
Мен осындай 20 жыпдық тарихы бар үлкен оқу орнына түскеніме өзімді бақытты сезінемін. Мұнда студенттер белсенділігін арттыру үшін көптеген бірлестіктер мен ұйымдар жұмыс жасайды.
Университетте кітапхана қоры жақсы қамтылған компьютерлік сыныптар жұмыс істеуде. Спортпен айналысқысы келетін студенттер үшін бар жағдай жасалған. Маған талай түлектің арманына айналған “Сырдария” университетінде оқу мүмкіндігі бұйырды.
Грант иегерімін, шынында да, арман боларлықтай, атына заты сай қалашықтың әсем көркі жанымды бірден баурап алды. Оқу жылы басталғанда бұл өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екеніне көзім жетті. Осылайша менің студенттік өмірім басталып та кетті.
Мен тәлім алып жатқан білім ордасының бұрынғы түлектері жайында естігенде, көңілім көтеріліп, бір марқайып қалатыным бар. Бір сәтке сол кісілердей болуды көзге елестетемін. Сол тұлғалардың отырған аудиториясында отырып, сол кісілерге сабақ берген ұстаздардан тәлім алып жүргенім маған күш-жігер береді. Қазіргі таңда дизайн мамандығында білім алып жатырмын. Өз мамандығымды өтежақсы көремін.
Біз, студенттер университет абыройы үшін күш-жігерімізді аямай, шығармашылық ой-танымымызды жетілдірудеміз.
Жаңа пікірді жазу