«ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТ АҚ МАҚТАНЫШЫ!»

«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университет» Филология» факультеті, «Ағылшын тілі» кафедрасының  1-курс Фи-24-9к1 тобының студенті Бейсеева Аружан Мұратқызы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері Комитеті ұйымдастырған Панкратионнан жасөспірімдер, юниорлар, жастар және ересектер арасындағы  Қазақстан Республикасының Кубогында  элит бөлімінде 56 келі салмақ дәрежесінде  I-орынды жеңіп алды.
Еліміздің чемпионы болған  Аружанды университетіміздің ректоры техника ғылымдарының кандидаты, профессор  Байболов  Қанат Сейтжанұлы мырза,  Тараз  қаласы төріндегі жеңісімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп,  студенттер мен мұғалімдер әрқашан спортшылардың өнерін қадағалап, оларға шын жүректен қолдау көрсететінін баса айтты. 
«Спортшының әр жеңісі – ел үшін де, университетіміз үшін де үлкен қуаныш әрі зор мақтаныш. Бұл біздің жастар үшін жарқын үлгі», - деп атап өтті.
Осындай жетістік  барлық студенттерімізге жұғысты болсын!

Факультет деканы: А.А. Мамыт
Кафедра меңгерушісі: Ф.І. Артыкбаева 
Топ тәлімгері: Д.Б. Назар