"ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ" атты аймақтық пәндік олимпиадада 6 студенті қатысты
- 1 view
Үстіміздегі жылдың 10 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған оқу орындары арасында өткізілген "ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ" атты аймақтық пәндік олимпиадаға "Сырдария" университетінен "Құқықтану" мамандығының 6 студенті қатысты.
"Әділ заң – тыныштықтың тірегі" деп ұрандатқан "Ақиқат" тобына олимпиада қорытындысы бойынша "Тапқырлық танытқаны үшін" номинациясымен диплом табыс етілді.
Қатысқан студенттер мен ғылыми жетекшісі сертификатпен марапатталды.
Алдағы уақытта білімдерін одан әрі шыңдай түсіп, үлкен белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.
Оқиға категориялары
Жаңа Жетісай (13)