"Өнер" факультетінің студенттері "QazGenius World" зияткерлік және шығармашылық даму орталығы ұйымдастырған конкурстарға қатысты
- 1 view
"Өнер" факультеті дизайн мамандығының студенттері Тұрсынхан Гүлбану мен Сейдулла Қазына Алматы қаласындағы "QazGenius World" интеллектуалдық және шығармашылық даму орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Путешествие в лето!" атты байқауға қатысып, Тұрсынхан Гүлбану 3 орын иегері атанды.
"Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы" қоғамдық қорының ІІІ Халықаралық сурет "Дыхание осени - 2018" байқауына қатысқан Сейдулла Қазына 2 орынды иеленді.
Диз-18 тобының студенті Ерсары Алшагүл, Диз-15 тобы студенті Уалихан Жансая, "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығының оқытушысы ғылым магистрі Келесхан Арайлым жетекшілік еткен Бөс-18 тобының студенттері Оңалбек Асылзат, Құлан Аяулымға белсене қатысқаны үшін сертификат табысталды.
Шәкірттердің жетістігі - оқу орнының мәртебесі.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық еңбектеріне табыс тілейміз!