"IT және шетел тілдер" факультеті

Ботабаева Жанна Нуралиевна

филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

✆ Телефон: 87013954122

✉ E-mail: k-filolog@tashenev.edu.kz


Факультет құрамы туралы

Факультетте қарасты 3 кафедра жұмыс істейді:

  1. "Ағылшын тілі"
  2. "Орыс және өзбек тілдері"
  3. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"

► Академиялық комитеті

Факультет туралы

Тәшенев университетінің "IT және шетел тілдері" факультеті студенттерге заман талабына сай білім беріп қана қоймай, рухани тәрбие беріп, олардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруды басты міндеті ретінде көреді. Факультет құрамында "Ағылшын  тілі", "Орыс және өзбек тілдері", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" атты кафедралар бар, олар түрлі саладағы мамандарды даярлауда жоғары сапалы білім береді. 
Факультет студенттерінің білікті маман болып қалыптасуына қажетті барлық жағдайлар жасалған: кабинеттер мен лингафон, копьютерлермен және соңғы үлгідегі техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп заманауи талаптарға сай  аңартылған.
Бұл студенттерге тек білім алып қана қоймай, алған білімдерін нақты өндірісте пайдалану үшін қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер ғылыми жобалармен айналысып, олардың нәтижелерін өндірістік салада қолдану жолдарын іздестіреді.
Оқу процесіне арналған кең дәрісханалар, заманауи лигафон кабинеттермен жабдықталған түрлі оқыту материалдары студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, факультетте 35-әкімдік, 2-мемлекеттік, 40-Тәшенев тартуыны білім грантының иегерлері оқиды, олар өздерінің жетістіктерімен өзгелерге үлгі көрсетіп, оқу үлгерімін арттыруға ықпал етеді. Университет қабырғасында грант иегерлері мен барлық студенттерге үздіксіз қолдау көрсетіліп, ғылыми жобаларға қатысуына, білімдерін жетілдіруіне барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осылайша, факультет түлектері болашақта өз салаларында білікті маман болып қалыптасып, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік алады.

Факульттетің миссиясы

    Факультеттің миссиясы – ақпараттық технологиялар мен шетел тілдері саласында білікті, заманауи және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Факультет білім беру сапасын арттырып қана қоймай, технологиялық және  мәдени дамуды үйлестіре отырып, студенттердің жаһандық нарықта сұранысқа ие болуына ықпал етеді. Ғылым мен инновацияны тәжірибемен ұштастыра отырып, қоғамның өркендеуіне, елдің қауіпсіздігі мен өмір сапасын жақсартуға үлес қосу –  факультеттің басты міндеті.

Білім беру бағдарламалар 

Факультетте тоғыз мамандық бойынша бакалавр:
 6B01708-Орыс және орыс емес мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)
 6В01707-Шетел тілдері (IP)
 6В01702- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
 6В01703-Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау
 6В01704-Өзбек тілі мұғалімдерін даярлау
 6В06102-Ақпараттық жүйелер
 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау
 6В06101-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
 6В06102-"Информатика" білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды
дайындайды.


Үш мамандық бойынша магистрлар:
 7М01702- Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау
 7М01703- Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау
 7М01704- Өзбек тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау
дайындайды. 

Факультет жұмысының бағыттары

"IT және шетел тілдері" факультетінің негізгі жұмыс бағыттары студенттерге кәсіби білім беру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, халықаралық ынтымақтастық орнату, тілдік және IT-құзыреттерді арттыру, әлеуметтік және рухани тәрбие беру, сондай-ақ тәжірибелік білім беруге бағытталған. 
Факультет студенттерге IT және тілдік бағытта сапалы білім беріп, оларды қазіргі еңбек нарығына қажетті білікті маман ретінде дайындайды. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуын қолдап, зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу мүмкіндіктерін іздестіреді. Халықаралық ынтымақтастық аясында факультет шетелдік университеттермен байланыс орнатып, студенттерге шетелде білім алу және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ұсынады.
Тілдік құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, студенттерге екі немесе одан да көп тілде кәсіби қарым-қатынас жасауды үйретеді. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, заманауи бағдарламалау және деректерді талдау бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған білім беріледі.
Әлеуметтік және рухани тәрбие бағытында студенттердің азаматтық қасиеттері мен этикалық құндылықтарын қалыптастыруға назар аударылады.
Ал тәжірибелік білім беру аясында студенттерге теориялық білімдерін нақты өндірісте қолдануға мүмкіндік беретін түрлі практикалық жұмыстар мен өндірістік практикалар ұйымдастырылады.

 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары