Университет ұжымын университеттердің ұлттық рейтингісіндегі жетістіктерімен құттықтаймыз!

2020 жылғы 15 мамырда жарияланған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нәтижелері бойынша "Сырдария" университеті жинаған көрсеткіш – 6924-6287 балды құрап, тағы да үздіктер cапынан көрініп отыр.

Университет Қазақстан ЖОО арасында топ-20 көрсеткіші бойынша 17-орынды иеленді.

"Сырдария" университетінің қызметі жыл сайын білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің ұлттық білім рейтингтерінде жоғары бағаланып келеді.

Университет білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттық стратегияларын, негізгі бағыттарын, міндеттерін іске асыру жолында қазақстандық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға өз үлесін қосуда.

Бұл - жоғары оқу орны профессор-оқытушылар құрамының көп жылғы қажырлы еңбегінің көрсеткіші.