"Ән көгінің сұңқары-шәмші" атты ән кеші

Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы Шәмші Қалдаяқов. Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жүр.

Отандық композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына – биыл 91 жыл. Осыған орай қазақ даласын әнмен тербеткен ұлы тұлғаның 91 жылдығына арналған «Дизайн және өнер» факультетінің «Ән көгінің сұңқары-Шәмші» атты ән кеші болып өтті. «Музыкалық білім » білім беру бағдарламасының студенттері Тұрғанбек Ерсұлтан, Мықтыбек Бекбосын,Оңғарбеков Нұрбол, Панза Гаухар, Оңғар Ринат, Крым Ақтан, Еркінбек Индира «Өнер» кафедрасының оқытушысы Аманбаев Абылай Шәмші ағаның әндерін тамылжыта орындады. 1курс студентерінен құралған би тобы биден шашу шашты.

Көктемнің шуақты күнінде өткен бұл ән кешіне «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері «Көктем шуағы» атты сәндік көйлектер коллекциясын шығарды. Ұлы тұлғаға арналған осындай кешті өткізуге белсене атсалысқан студенттерімізге шығармашылық табыс тілейміз.
 

Оқиға категориялары