Тәлімгер сағаты

Бүгін 29 қазан 2021 жылы Түркістан облысы Жетісай қаласы «Сырдария» университінің «Заңтану және экономика» факультетінің «Құқық және экономика» кафедрасының ғ.м., аға оқытушы Ихласова М. Ж. Құқық -10 тобымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті» атты ашық тәлімгерлік сағатын өткізді.
Тәлімгер сағатының мақсаты:
1. Студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру
2. Қазақстанда Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жастарға насихаттау
3. Студенттердің бойында кәсіби борыш, кәсіби адалдық пен кәсіби әділдік ұстанымдарын тәрбиелеу 

Тәлімгер сағатының барысы: Тәрбие сағатының барысында топ тәлімгері ғ.м., аға оқытушы Ихласова М. Ж. сөз алып сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түсінігі мен жауапкершілігі жөнінде толық ақпарат беріп өтті. 
Құқық – 10 тобының студенті Қорғанбаев Нұрбол «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты баяндама жасап, «Сырдария» университетінің студент жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін атап өтті, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» санасы әрбір студенттің бойына сіңіру қажет деп өз ойын түйіндеді. Бұл пікірді барлық топ мүшелері қолдайтындығын жеткізді.
Тәлімгер сағатына «Құқық және экономика» кафедрасының оқытушылары ғ.м. аға оқытушы Төребаева А. С., ғ.м. аға оқытушы Адамбекова М. Т. қатысып, сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірді.
Тәлімгер сағатының қорытындысы: Тәлімгер сағаты тақырыпқа байланысты жүргізіліп, тақырып толық ашылды. Топ тәлімгері тәрбие сағаттың жақсы өткендігін және студенттердің барлығы белсенді қатысқандығын айтты және бүгінгі сабаққа өте жақсы деген баға берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.