"Жастар саясаты" орталығының ашылуы өтті

Жастар қоғамның қозғаушы күші және әрбір ортаның дамып жетілуі, өркендеуі осы жастардың ықпалымен іске асады. Ауданның бірегей оқу орнында білім алып, еңбек етіп жүрген жастардың басын қосып отырған "Сырдария" университетінің "Жастар" бөлімі деп атауға толық негіз бар.

Студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік тұрғыдан жетілуіне ықпал ету мақсатында "Жастар саясаты" орталығы ашылды. Бұл орталық студенттердің өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын нысан болып саналады. Орталық негізінде мәдениет және ұйымдастыру, ақпарат, сыртқы байланыс комитеттері және "Qamqor bol" атты қайырымдылық клубы құрылды. ЖСО студенттердің өз идеяларын жүзеге асыруға, бойындағы өнерлерін паш етуге, өз білімдерін шыңдауға, тұлғалық дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Орталықтың ашылуы барысында ұйымдастырушы белсенділер студенттер назарына: "Құрметті жас дос! Сен унвиерситеттің көшбасшы студент жастары қатарында болып, студенттік өміріңді қызықты өткізгің келе ме? Оқу орнындағы жастар саясатының дамуына өз үлесіңді қос", - деп үндеу жолдап, "Жастар саясаты" орталығына мүше болуға шақырды.

Оқиға категориялары