Оңалбай Аяшев жастармен кездесті

Наурыз айының 29 жұлдызында "Сырдария" университетінің негізін салушы, қазіргі таңда ОҚМПУ ректоры, п.ғ.д., пофессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Түркістан облысының мәслихаты депутаты Оңалбай Аяшев Жастар жылы аясында белсенді студентермен кездесті. Студенттер үшін Оңалбай Аяшұлымен жүзбе-жүз кездесіп, өздерін толғандырған сауалдарын қою үлкен мүмкіндік. Белсенді-жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен айтылған мәселелердің бағыты да жан-жақты болды. Үш сағатқа созылған кездесуде студенттер тарапынан қойылған бірде-бір сұрақты назардан тыс қалдырмай, барлық мәселелер бойынша толыққанды жауап берілді.

Оңалбай Аяшұлы өз сөзінде студенттердің білім сапасына, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталып, студенттерге басты назарды білімге аударуға, көп білуге ұмтылуға шақырды. Сонымен қатар мұндай кездесулердің алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.