Елбасы мақаласы талқыланған дөңгелек үстел

Бүгін Елбасының 21 қарашада жариялаған "Ұлы даланың 7 қыры" атты мақаласын талқылауға арналған жиын өтті. Университет студенттері мен профессор-оқытушылар қатысқан дөңгелек үстелді "Жастар саясаты" орталығы ұйымдастырды.

Студент-жастар рухани жаңғырудың заңды жалғасы деп танылатын мақаладағы мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылады. Сонымен бірге с.ғ.к., доцент Тәжітаева Рая Сейілқызы уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысған тұста ұлт тарихы бастау алатынын және Елбасының сындарлы саясатындағы рухани жаңғыру, дала мәндениетінің тарихи сырларын ашу мәселелері халқымыз үшін маңызды екенін атап өтті. Мақалада аталып өткен қазақ халқының атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің генезисі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстандағы алма мен қызғалдақ мәселелері туралы сыр шертетін ұлт тарихындағы уақыт пен кеңістік және тарихи сананы жаңғырту бағытындағы архив – 2025, ұлы даланың ұлы есімдері, ежелгі өнері мен музейі, дала фольклоры т.б. жобалар – еліміздің табысты болуының кепілі екенін баяндады.

Студент-жастар жиыннан "Рухани жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері, яғни, ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының жаңғыруы бүгінгінің нақты бағасы, болашақтың танымы екенін ұғынып қайтты.

Теги: