Университет сыртқы аудиттен өтті

2021 жылдың 26-28 қазан күні IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері – Түркия стандарттар институты аудиторлары Хидает Шахин және Расим Йылмаз «Сырдария» университетінде ТS-EN-ISO 9001:2015 стандарттарына сай сыртқы бақылау аудитін өткізді.
Аудит мақсаты – қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін бақылау және университет құрылымдарында процеске негізделген басқару түсінігін қалыптастыру.
     Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлім тарапынан дайындалған бағдарламаға сәйкес барлық құрылымдық бөлімдерде екі күн бойы онлайн режимде бақылау аудиті ұйымдастырылды. Аудит жұмысына университет ректоры, сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлім басшысы қатысты.  
     Аудит қорытындысында университеттің сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін ішкі және сыртқы мәселелерді академиялық, әкімшілік және қолдау процестері тұрғысынан толығырақ бағалау тиімді болатыны туралы тұжырымдама жасалды.