БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ КҮНІ

1 мамыр Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. 
Жыл сайын атаулы мерекені факультет студенттері атап өтеді. 6В01402- Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері әр ұлттың тарихын айтып әр ұлттар тілінде достық туралы әннен шашу шашып, би билеп атаулы мерекені атап өтті. 
Мақсатымыз: Студенттерге 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Студенттерге Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.