Студенттік кеңес өтті

Әлемнің үздік оқу орталықтарында студенттер университеттің басқару жүйесіне белсене араласады. Бұл әсіресе білім алушыларға әртүрлі салалар туралы құнды ақпарат береді, түрлі мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік жасайды. Бұл үрдіс Syrdariya University-де дәстүрге айналған. 
Еркін форматта өткен кеңеске Жастармен жұмыс атқару бөлімі басшысы М. Бектеміс, SU Students’ Union мүшелері, студенттік ұйым жетекшілері, студенттік офицерлер, белсенді студенттер қатысып, пікір алмасты. Өз кезегінде студенттік ұйым жетекшілері ағымдағы семестрде атқарылған және алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды. 
Жиын барысында білім алушылар қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, белсенді студенттік өмірді насихаттау қажеттілігі мен дамыту жолдары туралы баяндады.
Студенттік Кеңес қорытындысында алдағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жаңадан кеңес мүшелері сайланды.