ДОМБЫРА - ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ

      Домбыра   қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол   қазақтар өмірінде маңызды орын алатын өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 
  
     Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра   қазақтың халық аспабы. Домбыра - қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген.
  
     Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнал тұрған музыкантардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген. 
    
     Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар  батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Қазақтың қазақтығын көрсететін ол бірден-бір  домбыра болып табылады.


Аманбаев Абылай