ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Көркем еңбек пәні мен пәндік үйірмелері студенттің жеке басының дамуында маңызды рөл атқаратыны баршамызға белгілі. Көркем еңбек сабақтарында оқытылатын сәндік-қолданбалы өнері оқушылардың қызығушылық шеңберін кеңейтуге, эстетикалық тәрбие беруге, ойлау қабілеттерін арттыруға, өнерді түсіне білуге, суретшілік қабілеттерін дамытуға елеулі септігін тигізеді. Нобай, сызбалар, эскиздер дайындау барысында икемдері мен дағдыларын қалыптастырады.
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларда өнер сүйгіштік, талғампаздық, ұқыптылық, төзімділік, ізденімпаздық, еңбекқорлық қасиеттері пайда болады. Қолданбалы өнермен айналысу барысында оқушылар қоршаған әлемнің таңғажайып көрінісі мен табиғат сұлулығын мата, кенеп, қағаз, былғары, ағаш, киіз, тас, тері, былғары және тағы да басқа материал беттеріне түсіруді үйренеді.
Бүгінгі жас ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар дәстүрі, әдеп-ғұрпы, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтың сурет әлемін, қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу.