Мерейтой концерті

Екі күнге жоспарланған бағдарлама бойынша мерейтойдың алғашқы күні мерекелік концертке ұласты. Жетісайдың Нұрғисасы атанған Бөрі Иса жетекшілік ететін "Жетісай сазы" оркестрінің орындауында ұлы даланың күйлері шертіліп, "Түркістан" әні орындалды.

Университеттің "Назерке" би тобы қазақ биімен сахнаның сәнін келтірсе, Серік Ердәулеттің орындауындағы "Жүрегім қазақ" әні, 2017 жылғы Жайдарман ойындарының чемпионы "Сырдария" құрамасы мен "Миллион" командасының әзілдері, Ж.Садыкованың "Ұлы дала" атты сән үлгілері көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар, университеттің бүгінге дейінгі шығармашылық биігін көрсете білді.

20 жылдық тарихы таңбаланған университетте іс-шарасының қай-қайсысы болса да, жоғары деңгейде орындалып келуде. Мұны бүгінгі іс-шара тағы дай айқындай түспек