"ЭМПАТИЯ" кеңес беру орталығы ашылды

«Бастауыш білім және өнер» факультетінің «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Эмпатия» ресурстық қолдау орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталықтың лентасын Университетіміздің Ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры Арзымбекова Шолпан Жақсылыққызы қиды.
Іс-шара қонақтары Шымкент қаласы Іскер әйелдер Қауымдастығының төрайымы Ағабекқызы Эльенора,  Орынбетова Э.А. ОКМПУ, орыс тили мен адебиети кафедрасынын менгерушиси, п.г.к. доцент, Султанбекова А.А. ОКМПУ, Педагогика және психология кафедрасынын аға оқытушысы.
Ресурстық қолдау орталықтың негізгі мақсаты – университет студенттері мен оқытушыларына психологиялық көмек пен қолдау көрсету, психологиялық салауатты білім беру ортасын қалыптастыру және жеке тұлғаның үйлесімді дамуы. Жұмыс студенттердің университетте болуын ең қызықты және ұмытылмас өткізуге көмектесуге бағытталған. Сондай-ақ стресске төзімділікті сақтау және педагогикалық ұжымның тиімділігін арттыру.