Шығарамашылық ашық сабақ

20.02.2024ж. сағ 11:30 «Өнер және саз» кафедрасының аға оқытушы,магистрі Д.М.Байгунованың ІІ-курс ПиК 22-15к топ студенттерімен «Қазақ және Әлемдік музыкалық әдебиеті» пәнінен «Құда түсу,сырға салу,қыз ұзату,беташарға байланысты айтылатын әндер» атты тақырыпта практикалық шығарамашылық ашық сабағы өтті.Сабаққа кафедра ұжымы және факультет декандары мен басшылары қатысты.Сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып,студенттердің бойында салт-дәстүрлік әндерге деген қызығушылықты байқауға болады.Оқытушы студенттермен бірге ұлттық киімде,ұлттық тағамдар мен қазақы нақыштағы көрнекіліктермен сабақтың тақырыбын аша түсті.Сабақ барысында оқытушы бірнеше жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,қазақ халқының салт-дәстүрлік әндерінің шығу тарихы мен мағынасын шағын сахналандырылған көріністер арқылы көрсетіп,сабақтың мәнін ашып,түсіндіре білді.