Мырзашөл тарихы сыр шертеді
- 1 view
Мамраимов Серік Дәулетұлы, «Сырдария» университетінің ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Құрметті әріптестер, зиялы қауым!
Оңтүстік Қазақстанның этникалық тарихының мәселелеріне арнап Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіп отырған, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымына Алпамыс батыр елі, Жиделі Байсын жері, Мырзашөл халқы және студент жастары атынан алғыс айтамын.
Өздеріңіз білесіздер, Оңтүстік Қазақстанның Мырзашөл өңірінің тарихы, этномәдени процестері кем зерттелген. Мырзашөл өңірі ежелден Ұлы Дала мен Орта Азия арасындағы маңызды тоғысу аймағы болып келген.
Мырзашөл өңірінің көшпелі және отырықшы-егіншілік, қала өркениеті, Оңтүстік Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне елеулі үлес қосты.
Қиыр оңтүстікте Ұлттық мәселедегі шектеуліктер сонау 1924 жылдан бастап көрініс тапты. Сол кезде Ташкент және оның төңірегіндегі қазақтардың көпшілігі арандатушылық қимылмен күштетіліп өзбек болып жазылды. Осыдан кейін Орта Азиядағы ең ірі Ташкент қаласы Өзбекстан астанасы болды.
1934 жылы Тамды, Зарафшан және Үшқұдық аудандары Өзбекстанның қарамағына кетті.
1956 жылы Шымкент облысының Бостандық ауданы мен Киров ауданының Тимирязев атындағы совхозы Өзбекстанға берілді.
1963 жыл Шымкент облысының Мақтарал, Жетісай, Киров аудандары Өзбекстан құрамына өтті. Еңбекшілердің әділетті талабынан кейін 1971 жылы Шымкент облысының үш ауданы Қазақстанға қайтарылды, бірақ олардың алты совхоз және жеті ауданындағы көлемді бөлігі - жалпы берілген жердің төрттен үші Өзбекстанда қалды. Оның ішінде кезінде Дінмұхамед Қонаев депутат болып сайланған Шымқорған совхозыны да болатын.
Дінмұхамед Қонаев естелік кітабында «Үш аудан қайтарылды, тек бір совхоз ғана қалды» деп жазған. Ол кісі өзі бір кезде депутат болып сайланып, аманат ретінде Мәдениет үйін салдырып берген «Шымқорған» совхозы туралы айтып отыр.
Қоғам және мемлекет қайраткері Егемқұл Тасанбаев ағамыз «Өзім өскен өлкеде» кітабында құжатта «сол кездегі шекара бойынша» деудің орнына, «қазіргі шекара» делініп кетуінің салдарынан біраз жер Өзбекстанда қалып қойғандығы туралы жазған.
Мырзашөл өңірінің тарихын және мәдени ескерткіштерін зерттеу мәселесі қашанда өзекті.
1998 жылы ашылған «Сырдария» университеті – еліміздің оңтүстік қиырындағы Мырзашөл өңірін өркениетті, мәдениетті аймаққа айналдырып отырған оқу ордасы.
2009-2017 жылдары «Сырдария» университетінің бастамасымен белгілі археолог, т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуов ортағасырлық Үтіртөбе қалашығында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп құнды материалдар алды.
Мырзашөл аумағында бүгінгі таңға дейінгі зерттеулер нәтижесінде 13 ортағасырлық қала, елді мекендермен қатар бірнеше көне қорымдар табылды.
Мырзашөл талай тарихи тұлғалардың табаны тиген жер. 1931 жылы ақын Ілияс Жансүгіров Мақтаарал аймағына келіп, аштықта ауып кеткен әкесін іздеген. Сол сапарында «Мақташылар үні» газетінің тұңғыш номерін өз басшылығымен жарыққа шығарып, оның бас мақаласын да өзі жазды. Сонымен қатар «Жаңа тұрмыс» деген оқиғалы өлең жазып, елдің тұрмыс-тіршілігін суреттеген. Елдің айтуында, Ілияс әкесіне тірілей жолықпаған. Қабірін тапқан-таппағаны белгісіз.
1959 жылдың 5 қазанында Мырзашөл өңіріне жазушы Мұхтар Әуезов келді. Шаруашылықтың жағдайымен, халықтың тұрмысымен жете танысады. Мұхтар Әуезов осы сапарында өзі қонақ болып түскен үйде қазақтың салт-дәстүрін, өнерін жақсы білетіндігін аңғартып, жұртты таңқалдырыпты. Үй иесінің келіншегі Айсұлудан жастықтың бірін ұстап қызығып:
Мынау қандай құрақ? – деп сұрайды.
Қайшы құрақ, – дейді жас келін.
– Жоқ, бұл тырна қатар құрақ, ал анау қайшы құрақ, – деп екінші жастығын көрсетеді.
Сол Мұхаңнан кейін Жетісайға халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы келіп, халықпен кездесу өткізеді. Соңынан құрметті қонақты күтушілер қонақүйге жатқызуды ұсынады. Бірақ, қазақ салт-дәстүрін жақсы біліп, орынды ұстанатын Баукең «Мұхтар ағам жатқан үйге барамын, басқа ешқайда бармаймын» деп тұрып алады. Баяғы Мұхаңды күткен Тұтқабай Тұрсынбаев ағамыз жұмыс барысымен Шымкентке кетіп қалған екен. Бірмінез Баукең ешкімнің ізетіне жібімей, өзі демалып жатқан Сарыағаш санаторийіне қайтып кетіпті. Кейін Тұтқабай ағамыз бұл хабарды естіп, ағасының артынан барып: «Мұхаң ішкен кесемен шай ішіңіз» деп кешірім сұрап, ренішін басып қайтқан екен. Өкінішке қарай біз сол Баукең ұстанған жолды ұмытып барамыз.
Осы орайда Мырзашөлдің тумасы, ұстазым, Жетісай ауданының Ленин атындағы мектебінің түлегі, т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техникалық қайраткері Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбековтің атқарған еңбегіне тоқталмасам болмас. Мәлік ағамыз «Сырдария» университеті үшін 4 тарих ғылымдарының кандидатын дайындап берді, барлығы ел игілігі үшін еңбек етіп, шәкірттер тәрбиелеуде.
Құрметті конференция қатысушылары бүгінгі конференция тақырыбының ғылыми маңыздылығы өте жоғары. Конференция жұмысына сәттілік тілеймін.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет