"МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОРТАМ" атты психологиялық тренинг өтті

20.04.2022 ж. педагогика ғылымдарының магистрі, бастапқы кейс-менеджмент тренері Мазанбекова Меруерт Ержановна 1, 2, 3 - курс студенттерімен «Мен және менің ортам» атты психологиялық тренинг өткізді. 
Тренингтің негізгі  мақсаты: студенттер арасында өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Тренинг барысында білім алушылар командалық рух пен ауызбіршілікті сезіне алды. Ыңғайлы микроклимат алғашқы минуттардан бастап қалыптасып, іс-шара аяқталғанға дейін сақталды.
Тренинг барысында қоршаған ортаны тануға, ой біліктілігінің дамуы сезіндіріп, психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды.
Тренинг жинақылыққа, психологиялық жағынан тұлғаның ішкі қарама-қайшылықтарын шешуге бағытталған.
Қатысушылар ұйымдасқан түрде белсене қатысып, ой бөлісу сәтінде бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді.
 

Теги:

Оқиға категориялары