«Өзгерісті өзіңнен баста» - кітап оқу кіші жобасы
- 1 view
Кітап оқып рухани көкжиекті дамыту мақсатында “Сырдария” университеті «Филология» кафедрасының “Көкжиек” әдеби-тілдік бірлестігі ғалым Абенова Лаззат Усмановнаның бастамасымен белгілі жазушы Тахауи Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” атты романын «Гуманитарлық білім және заң» факультетінің оқытушы-профессор құрамымен біргелікте оқып, талқылады.
Романда екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі қазақ әйелі Назираның соғыс зардабынан көрген қасіреті мен Отан үшін жанын құрбан еткен батырлардың, қилы тағдырлардың өмірі суреттеледі. Қалың оқырманға романның айтпақ болған ойы - қазақ халқының шырағын сөндірмеу, ізін жалғап, ұрпағын өсіру.
Кітап оқу жобасының басты ерекшелігі - ОПҚ мен студенттерді кітап оқуға шақыру ғана емес, әрбір азаматтың оқуына тиіс, оның келешектегі өзінің алға қойған мақсатына жетуге бағдар беретін және өзін-өзі жетілдіріп, ой-өрісін дамытуға бағытталған кітаптарды іріктеу.
Кітапхана қызметкерлерімен біргелікте «100 жаңа оқулық» жобасының аясында шет тілдерінен аударылған кітаптардың арасынан өздеріне ұнағанын таңдап, сол кітап жайында да мамандармен пікір бөлісу.
Университетіміздің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Исаева Күлайна Әліқұлқызы кітап оқудан, талдаудан алған рухани әсерімен бөлісіп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа бастамаға қолдау білдірді.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет