Қатысушыларға рухани шабыт сыйлаған шара
- 1 view
Университетімізде «Инклюзивті білім беру кедергісіз орта» атты панельдік сессия болып өтті.
Эмпатия кеңес беруші-ресурстық орталығы мен Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы ерекше білімді қажет ететін балалар тәрбиеленетін мекемелерімен бірлесе өткізген жиынға осынау мекеменің басшылары, мамандары мен оқушылары жиналды.
Фойеде Tashenev University суденттері мен өңірлердегі арнаулы, қосымша және қосалқы мектептердегі оқушылардың қолөнер бұйымдары қойылып, көрме ұйымдастырылды. Келушілер мүмкіндігі шектеулі балалардың қолынан шыққан бұйымдарын сатып алып, оларға қолдау көрсетіп жатты.
Оқу ордамыздың кітапханасында жалғасын тапқан шарада сөз алған Tashenev University ректоры Қанат Байболов бұл шараның мақсаты ерекше білімді қажет ететін білім алушылар мен бұқара әлеуметтік ортаны біріктіру, рухани-адамгершілік тәрбиені дамыту екенін атап өтті. Одан соң, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор П. Байнеева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті білім беруге ерекше назар аударып отырғанын, оқу ордамызда да бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Университеттің стратегиялық жоспарындағы негізгі құндылықтарының бірі -- білім алушыларға теңдей құқық беру. Сабақ өту барысында инклюзивті білім беруде арнайы бағдарламалар қаралған. Оқу процестерінде әлеуметтендіру мәселесін де ерекше қарастырып отырмыз»,--деп атап өтті Парида Тұрғынбайқызы.
Іс-шара барысында Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы, бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Топанбай Мейірхан сөз алып, өзінің өмір жолы, қиындықтарды қалай жеңгені туралы айтып берді. Небәрі 28 жастағы азамат әріп танығалы 68 мың кітапты оқып тауысқан. Ол осынау оқу-білімнің қызығушылығына кіргенінің нәтижесінде 10 тілді меңгерген. Мұндай жетістікке жетуге ең алдымен анасы мен әжесінің қолдауы себеп болыпты.
Мейірхан мүмкіндігі шектеулі жандарға инклюзивті білім беру жолға қойылғанымен оларды әлеуметтендіру жайының тасада қалып кетіп жатқанын айтады. «Оқушыны үйде оқытатын мұғалімдер балалардан бірнәрсе талап етуге қорқады. Тек оларды қуантып, көңілдендіруді ойлайды. Сонымен бірге, оларға мұғалімдер, ата-аналар, тіпті айналасы да аяушылық сезіммен қарау дағдысымен шектеледі. Баланы жан-жақты тәрбиелеу керек. Оларға алдымен өзінің бойындағы кемістігін айтып сендіру, соған мойынұсынуды үйрету маңызды»,--деді ол. Мейірхан кітапты қалай жылдам оқудың тәсілімен, бірнеше тілді меңгерудің жолымен де бөлісті. 68 мың кітапты тауысуына бірден бір себепші болған университетіміздің «Филология» кафедрасының меңгерушісі Жанна Ботабаеваның ерекше үлесі бар екен. «Менің шын кітап құмар болуымның себепкері – ұстазым Жанна Нұрәліқызы» деп ерекше толқыныспен атап өтті ол. Сонымен бірге, студенттермен сұхбаттасу арқылы оларға өмірдегі кедергілері қалай жеңу қажеттігін, ненің пайдалы екенін түсіндіріп, қатысушыларға рухани шабыт сыйлады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет