"Қалдықсыз технология"

"Жаратылыстану және математика" факультетінің "Химия және география" кафедрасында 19 ақпан күні "Химик-аналитик" үйірмесінің ашық есік күні болып өтті. Семинарға университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері, ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент А.Ж. Тажекова, университеттің ғылыми істер жөніндегі маманы Н.С. Аманбаев қатысты. "Химик-аналитик" үйірмесінің ақпан айындағы жоспары Әр түрлі табиғи бояулар түрлерін алу және сабын жасау технологиясын меңгеру.

Ғылыми үйірме жұмысын ғылым магистрі, оқытушы Ұ.С. Ахынова үйірме құрамындағы студенттерге сабынның құрамы мен жасалу технологиясын түсіндіріп өтті.

Ұ.С. Ахынова сабынның негізгі қасиеттеріне тоқталып өте, - бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы енкендігін, сабынның негізгі қызметі тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл әр адам үшін өте маңызды екенін атап көрсетті. Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше және сабынды қолдан жасау барысында әр адамның қалауы мен қажеттіліктері бар екенін айта келе сабынның жасалу технологиясын ьолықтай көрсете білді. Және ол мәселеде үйірме құрамындағы студенттерде өз білгендерімен бөлісті.

Алдағы уақытта үйірме құрамындағы студенттер сабын жасау технологиясынкоммерциялық жолға қоятынын атап өтті.

Оқиға категориялары