ҒЫЛЫМ, БІЛІМ, ӨНЕР ҰШТАСҚАНДА...
- 1 view
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Шымкент қаласында “Ғылым, білім, өнер интеграциясы: перспективалық жобалар” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы, ҚР өзбек этно-мәдени бірлестіктері “Дустлик” қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырып өткізді. Конференцияны Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет ректоры Қанат Сейтжанович Байболов ашып берсе, ҚР өзбек этно-мәдени бірлестіктері “Дустлик” қауымдастығының төрағасы конференция жұмысына сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді.
Конференция барысында қазақстандық ғалым профессор-оқытушылармен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркия, Ресей мемлекеттерінен де профессор-оқытушылар құрамы сөз алды.
Әсіресе, шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша Тәшенев университетінде бір ай көлемінде өз тәжірибесімен бөлісуге келген құрметті қонағымыз – Туркияның Селджук университеті профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мустафабей Демирчидың “бес мемлекет – бір ұлт” сынды түркі тілдес халықтардың тарихи мен тағдыры бір екендігі туралы тарихи құнды баяндамасы тыңдаушыларда үлкен әсер қалдырды.
Сонымен қатар, кезекпен сөз алған Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының профессоры, Өзбекстан халық әртісі Гавхар Матякубова, ф.ғ.д., профессор Хулкар Хамроева, Фергана мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д. Нилуфар Уринова, Андижан мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, ф.ғ.д. Маърифат Косимова, онлайн түрде сөз алған Хужанд мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.д. Бахтиер Файзуллоевтардың мазмұнды баяндамалары қатысушылардың ықыласына бөленді.
Ғылым, білім, өнерді ұштастырған конференция жұмысы «OФАРИН-2023» бірінші халықаралық ән мен би фестивалінде өз жалғасын тауып, көрермендердің қошеметіне бөленіп, ризашылықтарына ие болды.
Сондай-ақ фестиваль аясында Өзбекстанның халық әртісі, АҚШ-тағы Еуразия би академиясының академигі, профессор Гавхар Матёкубова атындағы халықаралық «Лазги» байқауы көптеген таланттарды ашты! Байқауға қазақстандықтармен бірге Өзбекстаннан 10-40 жас аралығындағы көркем би әуесқойлары қатысты.
Қазылар алқасын Өзбекстанның халық әртісі, АҚШ-тағы Еуразия би академиясының академигі, профессор Гавхар Матёкубова басқарса, оның мүшелері Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнара Низомова, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының профессоры, ф.ғ.д. Хулкар Хамроева, «Офарин» байқауының негізін қалаушы қазақстандық Саъдилла Махмудов, танымал әнші Толкинжон Хасановлар тарапынан 20-дан астам қатысушылар әділ бағаланып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осы байқаудың “ГРАН-ПРИ” жүлдегері Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің «6В01704-Өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің даярлау» мамандығының 1-курс студенті – әуесқой биші Атажанова Дилдора иеленгені үлкен мақтаныш болды!
"Жарайсың, ДИЛДОРА!" ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! СЕНІҢ БҰЛ ЖЕҢІСІҢ 25 ЖАСЫН ТОЙЛАҒАЛЫ ОТЫРҒАН УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ҮЛКЕН СЫЙЛЫҚ БОЛДЫ!
Осы ретте дәстүрлі байқаудың халықаралық деңгейде өтуіне күш-қуаты мен уақытын арнаған барлық ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Халықаралық фестиваль, ынтымақ мерекесі өз жалғасын таба берсін!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет