Тәшеневтің туғанына 108 жыл!

Университетіміздің есімін еншілеген қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 108 жыл толуына орай «Тұғыры биік тау тұлға» атты ауқымды әдеби-танымдық кеші өткізілді. 
«Ақпараттық білім беру орталығы» мен «Студенттермен жұмыс атқару» бөлімі, «Педагогика және психология», «Филология», «Тарих және география» кафедраларымен бірлесе ұйымдастырылған шараға бірқатар қонақтар келді. Олардың қатарында Ж. Тәшеневтің немере інісі, Шымкент қаласының құрметті азаматы Ұлықпан Бәшенев, М. Әуезов атындағы ОҚУ ф.ғ докторы, профессор Болат Тілеубердиев, журналист С. Жексенбаев және басқа да зиялы қауым өкілдері бар. 
Әдеби кеш Tashenev University студенттері дайындаған қойылыммен ашылып, «Тәшенев тайталас» фильмінен үзінді көрсетілді. Одан соң келген қонақтар тау тұлғалы азаматтың жерімізді қорғап, елдікті берік ұстанғандығы туралы, оның елі үшін туған біртуар тұлға екендігін еске алды. Білім алушылар еліміздегі белгілі тұлғалар мен ақындардың Ж. Тәшенев жайлы жырлаған әндері мен естеліктерінен үзінді оқыды. 
Ал, осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Ғайни Сүлейменұлы қоғам қайраткерінің игі істерін, көпшілік біле білмейтін азаматтық қырларын айтып өтті. 
Осылайша әсерлі өткен шараға қатысушылар мен студенттер елін сүйген, жерін сүйген Ж. Тәшеневтің талай соқтықпалы соқпалы жәйттерді басынан кешкен қилы тағдырына куә болып, тың деректермен сусындады.