Футбол және волейболдан турнир

«Сырдария» университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, ҚР-ның спорт қайраткері Утанов Айдархан Өтенұлын еске алуға арналған университет профессор-оқытушылар құрамы арасында футбол және волейболдан турнир өтті.  
    Турнир мақсаты - университет қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатарын арттыру, спортқа деген қызығушылықтарын ояту және бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту.

Волейболдан өткен турнир қорытындысында: 
1-орын - «Филология және Гуманитарлық білім» факультеті
2- орын - «Жаратылыстану» факультеті
3-орын - «Дизайн және өнер» факультеті
4 - орын - «Бөлімдер»
5- орын - «Құқық және экономика» факультеті

Футбол турнирінің  нәтижесі:
1-орын - «Бөлімдер»
2-орын - «Дизайн және өнер» факультеті
3-орын - «Жаратылыстану» факультеті
4-орын - «Филология және гуманитарлық білім» факультеті
5-орын - «Құқық және экономика» факультеті иеленді. 

Дәл осындай спорттық шараларға қатысып, өнер көрсету - біздер үшін үлкен мәртебе. Турнир достығымыздың беріктігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оның болашақтағы бірлескен жұмысымыздың нәтижелілігіне де пайдасы зор деп есептейміз. «Спорттық шаралар келер жылы да өз жалғасын табады деген сенімдеміз», - деді турнирге қатысушылар. 

Барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар үшін алғыс айтамыз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
 

Теги: