Сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттердің алдын алу

2021 жылдың 17 наурыз күні «Сырдария» университеті, “Дене тәрбиесі және спорт” факультетінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттердің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты - факультет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін және білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандыру.

Іс-шараға “Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің деканы п.ғ.к., Мырзабек Л.Ә., Құқық және экономика” кафедрасының, з.ғ.д., Жандарбек Б.Ә., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істерінің маманы Конарбаева Н., Жастармен жұмыс атқару бөлімінің басшысы М.М. Бектеміс, қатысты.

Дөңгелек үстел барысында оқытушы-профессор құрамы мен студенттері өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Спикерлер жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданатын негізгі бағыттар мен шаралар туралы айтты. Студенттерді адал болуға, қоғамда белсенді болып, сыбайлас жемқорлықпен күресте бірігуге шақырды.