«ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫН» ҚҰРУ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТЫҢ БАСТАМАСЫ

2023 жыл 15 қараша күні  киелі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Таңатқызы Кариновамен кездесу өтті.  Кездесуге Түркістан облысының танымал, беделді, қоғам белсенділері санатындағы әйелдер делегациясы қатарында  Ж.А.Тәшенев университетінің Ғалым хатшысы Ләззат Усманқызы да  қатысты. 

Мәжілісті «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев жүргізіп отырды. Актив мәжілісінің күн тәртібіне сәйкес Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев,  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева,  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Жанар Амангелдіқызы Темірбекова, т.б. ғылымдағы әйелдерді қолдау шаралары, ана мен бала құқығын қорғау, әйел азаматтардың жан-жақты дамуына жағдай жасау төңірегінде өз ойларын  жеткізді.
 Кездесуде «AMANAT» партиясының әйел азаматтардың мемлекеттік басқаруға және инклюзиялық қоғам мен гендерлік паритетті қалыптастыруға белсенді қатысуын кеңейтуде «Әйелдер қанатын» құру жөнінде бастамасын қолдап, Қазақстанның жаңа саяси мәдениеті шеңберінде әйелдердің қоғамдағы рөлін ілгерілету мәселелері қарастырылды. 
Жиын барысында оған қатысушы делегат ретінде Ж.А.Тәшенев университетінің Ғалым хатшысы Ләззат Усманқызы Абенова әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту мен ілгерілетуге бағытталған ұсыныстарын білдіре отырып,  қоғамды алаңдатып отырған жайларға: отбасы құндылығы,  қыз тәрбиесі - ұлт  болашағы  төңірегінде  өз ойын білдіріп,  пікір алмасты.
 

Оқиға категориялары