Үстел теннисінің жеңімпаздары

«Спорт және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары арасында Халықаралық студенттер күніне арналған үстел теннисінен турнир өтті.

Турнир мақсаты:
- үстел теннисі спорт түрін білім алушылар арасында дәріптеу;
- жастарды спортқа тәрбиелеу;
- студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Үстел теннис жарысы халықаралық федерациялардың бекіткен ережесіне сәйкес өтілді. 

Ойын барысында 2-курс студенттері мен 3-курс студенттері белсенділік танытып, ерекше ойын тәсілдерін көрсетті. Көрермендер бұл керемет өткен турнирге өз ризашылықтарын білдірді.

Турнир соңында жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткен жеке қатысушыларға да естелік сый-сияпаттар жасалды.
Атап айтар болсақ «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Қыдырбеков Бекзат 1-орынды, 2-курс студенті Полат Сәкен 2-орынды, 3-орынды 2-курс студенті Келдібай иеленді.
Белсенді қатысқаны үшін 3-курс студенті Жеңіс Данаби дипломмен марапатталды.

Теги: