ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АМАЛ МЕРЕКЕСІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
- 1 view
Көрісу күні – Амал мерекесінде Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің жастары қаладағы өзге жоғары оқу орындарына арнайы құттықтап барып, шеру ұйымдастырды. Белсенді студенттеріміз қалалық «Жастар ресурстық орталығы», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Орталық Азия инновациялық университетіне барып, ұжымын және студенттерді көктемнің жарқын мерекесі – Амал күнімен құттықтады.
Қаламыздағы жоғары оқу орындары жастарымызды ерекше ықыласпен қарсы алып, дәстүріміздің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына үлес қосты. Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Көрісу күні – оқу орындары арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, достықты дәріптейтін маңызды мереке.
Сонымен қатар, өзге ЖОО-лардың жастары Жұмабек Тәшенев атындағы университетке арнайы келіп, ізгі лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, Көрісу күні – араздасқандарды татуластырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн. Бұл игі дәстүр жастар арасында достық пен бірлікті нығайта түседі.
Оқиға категориялары
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
✅ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет