Университет ректоры 1-курс студенттерімен кездесті

14 ақпанда "Сырдария" университетінің "Қазақстан" студенттер сарайында оқу ордамыздың ректоры С.С. Дайырбеков пен барша бірінші курс студенттерінің кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – оқу орнының табалдырығын кеше ғана аттаған жастардың студенттік өмірге бейімделуіне қолғабыс ету, көкейлеріндегі сауалдарға жауап беру. Студенттерді ЖОО-дағы білім беру үрдісі, мамандықтары бойынша болашақта жұмыспен қамтамасыз етілуі, тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ, тұрмыстық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер қызықтырды. Кездесу барысында университет студенттерінің оқу үлгерімі мен оқудан тыс уақыттағы тәртібі туралы сөз болды. Ректор студенттерге университеттің қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына, олардың жан-жақты дамуына зор ықпал ететініне тоқталды. Сонымен қатар, студенттердің киелі Түркістанды түлетуге барулары тиіс екендігі жайлы да баяндады.

Бірнеше сағатқа созылған жиын соңында С.С. Дайырбеков сауалдарын қойып, ойларын еркін жеткізген студенттерге алғысын білдіріп, төрт жылдық білім майданында сапалы білім алып, саналы маман болуларына ізгі тілегін білдірді. Және де кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ерекше қамқорлықты қажет ететін жеке басқа қатысты мәселелер жақын арада шешімін табатынына сендірді. Студенттер кездесуден өздерінің көкейінде жүрген бірнеше сұрақтарына тиянақты жауаптарын алғандығын айтып, рақметін білдірді