Шебер-сынып

Білім алушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін ояту, болашақ ұстаздардың қызметтері мен практикалық білімімен бөлісу мақсатында, Ж.А.Ташенев атындағы университетінің «Бастауыш білім және өнер» факультеті шебер-сынып сағатын ұйымдастырып, әр аптада бір рет өткізу жоспарланған. Жоспар бойынша біздің шебер-сыныбымыздың алғашқы қонағы, шебер ұстаз, білікті маман №77 мектеп-лицейінің бастауыш сынып бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Батыршаева Роза Сағынбайқызы.

12.12.2023ж. күні «Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында болашақ ұстаздарға шебер-сынып өткізді.

Қазіргі жаңа инновациялық технологиялармен білім беру әдіс-тәсілдердін, оқушылар мен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізуді, педагог имиджі туралы баяндап берді.

Білім алушылар қызыға тыңдап, белсенділік танытып, сұрақтар қойып отырды "Жас маманды жұмыспен қамту?", "Ұстаздық өмірдің қиын жақтары?", "Болашақ ұстаздарға?", т.б. сұрақтар қойып, толықтай жауаптарын алды. Біздің университетімізге келіп тәжірибесімен бөліскен Батыршаева Роза Сағынбайқызына алғыс айтып, факультетіміздің деканы Конакбаева Улжамал Жандаралиевна "Алғыс хат" табыстады.