Кіші футбол турнирі

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында және «Сырдария» университетінің 20 жылдық мерейтойына орай «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенттері мен Жастар комитеті ұйымдастыруымен өткен кіші футболдан ашық турнир өз мәресіне жетті.

Аталмыш шара нәтижесі бойынша 16 спорттық команданың 4-уі суырылып алға шығып, межелі нәтиже көрсетті:

І орын – «Сырдария» құрамасы

ІІ орын – «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

ІІІ орын – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттер құрамасы, «Жастар комитеті» құрамасы.

Сайысқа түскен футболшылар спорттық номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік ойыншы» – Мәулен Серғали, Рысқұл Абылай, Шодыбаев Илхам, Қадырқұлов Бексұлтан «Үздік қорғаушы» – Сәрсенбаев Орынтай «Үздік қақпашы» – Жұмабек Мади, «Үздік шабуылшы» – Бегалы Жантас, Яминов Тұрғанбай.

Жүлделі орындарға ие болған командалар мен спортшы жастарды шын жүректен құттықтаймыз!