12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мерекелеу күні – 12 сәуір деп бекітілуі бекер емес. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Бұл атаулы күні Жұмабек Ахметұлы Ташенев университетінде «Отандық ғылым: қазіргі ұстанымдар мен пәнаралық зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы аталып өткізілді. 
Конференция барысында алыс-жақын шет елдерден Халықаралық Feydey International мектебінің бас директоры Махвиладзе Георгий Нодарович , Ош мемлекеттік университетінің бизнес және басқару факультетінің деканы Исраилов Тимур Мурзабекович, Ташкент қаласы Мырзо Улугбек атындағы Өзбек Ұлттық Университеті Биология топырақтану кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдас профессор Жабборов Зафар Абдукаримович онлайн форматта университет қызметкерлерін Ғылым күнімен құттықтап, өз жылы лебіздерін білдірді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., доцент Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы Академик Қ. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі архив құжаттарында тақырыбында баяндама оқыды. Сөз соңында университет ректоры К.С. Байболов барша ғылым қызметкерлерін Ғылым күнімен құттықтап, конференцияны қорытындылады.