«Цифрлық сауаттылық» оқыту курсы
- 1 view
Профессор-оқытушылар құрамының цифрлық құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық технологиялар бөлімі мен «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының қызметкерлері «Цифрлық сауаттылық» оқыту курсын ұйымдастырды. Курстарды ұйымдастырушылар келесі мәліметтер дайындаған: 72 академиялық сағатқа есептелген арнайы оқу бағдарламасы, қатысушылар тізімі (67 оқытушы), сабақ кестесі, тест сұрақтарының жинағы, тестілеуден өтуге арналған бағдарлама, сертификаттарды беру үшін тіркеу журналы.
Курс бағдарламасы төрт модульден тұрады:
1. Компьютерлік технологияны тиімді пайдалану
2. Бағдарламалық құралдарды тиімді пайдалану
3. Интернет-технологияларды тиімді пайдалану
4. Медиа контентті тиімді пайдалану
Курс бағдарламасы компьютерлік технология негіздерін, заманауи бағдарламалық құралдарды қолдануды (Far Manager, Microsoft Word, Excel, PowerPoint, FineReader, Adobe Photoshop, ZOOM, Cisco, Webex Meetings, Movavi Video Editor Plus, Aiseesoft MKV Converter және т.б.), интернетте жұмысты ұйымдастыруды қамтиды.
Практикалық сабақтарда курс тыңдаушыларына теориялық білім мен дағдыларды бекітуге мүмкіндік берілді.
Сабақтар 2024 жылдың 29 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында төрт компьютерлік сыныпта өткізілді.
Оқыту курсының соңында оқытушылар компьютерлік сынақтан өтіп, оны сәтті тапсырған соң сертификаттар табысталды. Студенттердің барлығы дерлік осы оқу курсының маңыздылығы мен өзектілігін жоғары бағалады. Олар жинақталған тәжірибе кәсіби өсуге ықпал ететінін атап өтті.
Курсты ұйымдастырушылар: Біліктілікті арттыру институтының директоры Ергешбаева Ш.Н., куратор Шпенглер С.А., тьюторлар С.Б., Нахипова В.И..
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет