«19 ғасырдың педагог классиктері» ашық сабақ

«Педагогика және жаратылыстану ғылымдары» факультеті
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы  Жораева Гаухар Базарбайқызының  «19 ғасырдың педагог классиктері» атты  ашық сабағы болды. Ашық сабаққа кафедраның меңгерушісі п.ғ.к. Г.А Жапбарова, п.ғ.к., профессор Р.Кенжебекова, п.ғ.к. С.Жораева, магистр, аға оқытушылар қатысты. 19 ғасыр қазақ әдебиетінің негізгі ерекшеліктері туралы толық ақпаратпен қамтылды. Оқытушы өз сабағында жеке дара, жұптық, топтық жұмыстар жүргізді. Студенттерді топқа бөліп, тапсырмалар орындады. Оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, презентация, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасады. Сабаққа студенттер белсене қатысты.
 

Оқиға категориялары