Тәрбие сағаты «Терроризм адамзаттың қасіреті»

Қазіргі уақытта әлеуметтік қауіптер - лаңкестік пен діни экстремизм дамуда. Осыған байланысты қоғамда пайда болған қауіптер туралы білім алушыларымызға уақытымен ақпарат беру маңызды істердің бірі болып табылады. Білім алушы жастарымыз дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен секталардың зияны туралы және балалар мен жасөспірімдер сана-сезіміне тигізетін кері әсері туралы білуі керек.
«Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларында терроризм және діни экстремизмнің адамзатқа қаупі туралы түсінік беру және лаңкестік теракт қаупі төнген жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қорғаныс шараларын үйрету мақсатында «Терроризм адамзаттың қасіреті» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында тақырыпқа байланысты видеороликтер көрсетіліп, терроризм, экстремизм, радикализм ұғымдарына талдау жасалынып, студенттердің өз пікірлері тыңдалды. Студенттерге Отан алдындағы жауапкершіліктің мазмұны түсіндіріліп, өзге діни ұйымдардың тұжырымдарына құлақ аспауға шақырылып, олардың мақсаты тек мемлекеттер арасында экстремистік жанжалдар туғызу екендігі баяндалып, қырағылықты, адамдарға көмек көрсету аса маңызды екендігі насихатталды.
 

Оқиға категориялары