Білім ордасының болашағы айқын
- 1 view
Қазіргі қоғамның дамуы мен гүлденуі, өмір сүрудің , ұлттың қауіпсіздігі, ғылымның дамуы, ғылыми зерттеу нәтижелерін іс-тәжірибеде қолданудың тиімділігіне негізделген білім беру қызметінің сапасы мен оны ұйымдастырылу қызметімен айқындалады.Қазіргі әлемдік деңгейде көпшілік мойындаған білім беру қызметі мен ғылымның бағасы адамзаттың рухани құндылықтарының қатарына жатады.
Ж.А.Тәшенев атындағы университеті іргелі оқу орындарының бірі.Университеттің миссиясы (негізгі ұстанымы) қоғамның қарқынды дамуының негізі болып табылатын білім беру қызметі мен ғылымды үйлестіру. Осыған байланысты университет білім беруде, ғылым мен оқу-ағарту саласында, жаңашыл, жеке ізденіс жетістіктерін іске асыруға еркіндік беруде, мемлекет пен қоғамның дамуына қомақты үлесін қосуда, жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде өзгелерге үлгі болып келеді.
Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің ««Филология»» кафедрасы білім беру бағдарламалары мен тұжырымдамаларын басшылыққа ала отырып, Біілімгерлерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруді жаңашылдықпен жүзеге асырып келеді. Қай мамандық, қай бір кәсіп болса да, оның мән-мазмұны тіл арқылы түсіндіріледі. Тілдің ойдың көрінісі екенін ескерсек, кез келген саладағы білім негіздерін білімгерлерге түсіндіруде мамандардың сөздік қорының, сол мамандықтың қыр-сырын ашуға қажетті тіл байлығының мол болуы қажет.
Кафедра классикалық үлгідегі университеттердің дәстүрін жалғастыра отырып, тұрақты түрде университеттің білім беру қызметінің жоғары деңгейін және қолданбалы білім негіздерін игертуді үнемі басты назарда ұстап келеді. Тіл – тіршіліктің тірегі. Тілсіз қоғам болмайды. Тіл мамандығының өзге мамандықтардан басты артықшылығы – мұнда білімгерлердің шығармашылық еркіндігіне мол кеңістік берілген. Біілімгер жаттанды қасаң қағидаларға ғана сүйенбей, зерттеу нәтижелерін салыстыра отырып, өзіндік өй-пікір, тұжырым жасауына мүмкіндік берілген. Бұл өз бетімен ізденістерге жол ашары кәміл.
Сондықтан да біздің кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Біілімгерлерге тіл негіздерін терең ұғындыруға баса назар аударып келеді. Кафедра бес мамандық бойынша бакалаврлар:
- 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
- 6В01702- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
- 6В01703-Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау
- 6В01704-Өзбек тілі мұғалімдерін даярлау
- 6В032010-Кітапхана ісі
Төрт мамандық бойынша магистрлер:
- 7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау
- 7М01702- Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау
- 7М01703- Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау
- 7М01704- Өзбек тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау
мамандар дайындайды.
««Филология»» кафедрасында 2023-24 оқу жылында .... профессор –оқытушылар құрамы жұмыс істейді.
Кафедраның миссиясы(негізгі ұстанымы) – заманауи қоғамның сапалы экономикалық өркендеуін қамтамасыз ету, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздік білім беру саласының жағдайымен, ғылымның дамуымен, ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикада қолданудың тиімділігімен анықталады.
Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында білімгерлердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, біілімгер – бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда, кафедрада білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады.Адамның жеке бас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы оқу-тәрбие барысында құрылатыны педагогтердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Біілімгер бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім. Педагогикалық үрдісте орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгілендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни біілімгертің дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теориялық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр. Кафедра оқытушылары осы ұстанымды басты назарда ұстайды. Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының заңды жалғасы ретінде білім беру бағдарламаларының әр мамандық бойынша оқытушылардың өз қолымен жасалып, жарық көруі, осыған орай бағдарламалар мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, Біілімгерлерді дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр. Болашақ мұғалімдердің кісіби шеберлігі педагогикалық практика барысында шыңдалатын болса, оған дейін Біілімгерлерді педагогтік жұмысқа дайындау институтта, аудиторияда жүзеге асады. Білім беру барысында кезінде болашақ мамандарға оқытылатын пәндердің мазмұн сабақтастықтарын ескерумен қатар ұқсас пәндерді кіріктіре оқыту жағына көңіл бөлінуге тиіс. Осы кезге дейін жоғары оқу орындарында әр пән жеке-жеке оқытылуымен қатар, кейде өзінен өзі сұранып тұрған мазмұн сабақтастығы да ескерілмей келгені шындық.
Сондықтан да сабақ барысында пән аралық кіріктіруді күшейте отырып, барлық қазақ тілі, оры ыс тілі және шет тілі оқытушыларына оқытылатын пәндерге ортақ, сабақтас тақырыптарды күшейтуге көңіл бөлінеді.
««Филология»» кафедрасында теориялық білім беруді қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол. кафедра оқытушылары мына білім беру мен тәрбиелеу мазмұнында негізгі ұстанымдарды басшылыққа алады. Ол мазмұн төмендегідей көлемді қамтиды:
1. Білімгерлердің тіл сабақтарына арналған (қазақ, орыс, шетел тілдері) арналған оқу бағдарламаларың мазмұнын, әр курс бойынша берілетін білім көлеміне жете біліп, меңгеруі. Білім беру бағдарламасы мен тұжырымдамасын оның талаптарын талдай білуі.
2. Тіл сабақтарына (қазақ орыс шетел тілі) арналған арналған пәндер оқулықтарының мазмұнын, құрылысын, оның Біілімгерлерге деңгейлеп білім беруге сәйкестігін, оқулықтарда берілген сұрақтар мен тапсырмалар құрылысы мен мазмұнын талдай білу.
3. Сабақ түрлерін, осыған байланысты сабақтың құрылысын талдау.
4. Сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсатын оның тақырыбы мен мазмұнына қарай дәлелдеу.
5. Тіл сабақтарының (қазақ орыс шетел тілі) түрлеріне, тақырыбы мен мақсатына қарай оның жоспарын жасап жаттығу.
6. Сабақтың тақырыбына байланысты білімгерлердің сабақ барысындағы өзіндік жұмысының (БӨЖ, ОББӨЖ) түрлерін талдай білу.
7. Сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыстарды тақырып пен тараулар бойынша жүйелеу.
8. Сабақ барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдерді тақырып мазмұны мен мақсатына байланысты саралау.
9. Біілімгерлердіңң шығармашылығын дамытудың жолдарын меңгеру.
10. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін меңгеріп, оның жоспарын жасау.
11. Пән мазмұндарын кіріктіре оқытудың әдістерін талдай білу.
12. Біілімгерлерге берілетін білімді міндетті және мүмкін деңгейге саралай білуі.
13. Білімгерлерге берілетін білім, білік және дағдылардың сапасын талдай білу.
Білім мен тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі дамуда және бір-бірімен байланыста түсініп, осы үрдістегі күрделі мәселелерді дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы оқыту мен тәрбиелеу барысында қалыптасады. Жоғары оқу орынында білім мен біліктілікті жетілдірудің және мұғалім кадрлардың болашақтағы өз ісіне дайын болуының негізі білі берудің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екенін атап айтқан.
Қазіргі кезеңде ғылымда және білім беру жүйесінде интеграция процестерінің жедел жүзеге асуының маңыздылығы тұсында, танымның диалектикалық бірлігі және шындықтың қайта құрылуының маңыздылығы арта түсуде. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде танымның концепциясын әр-түрлі түсіндіру кездеседі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ғылыми ұғымдар, түсініктер тәжірибеден тумайды, алдымен жоспары жасалып, теориямен бекітілген болжамдар ұсынылады, содан соң ол тәжірибеде тексеріледі.
Біілімгертің танымы мектеп өмірінен басталып, көркем шығармалар оқуға, деректі ғылыми білімдер алуға, кинофильмдер көруге, сондай-ақ, институтта алған білімдері мен қоршаған ортадан әсер еткен жағдайларға және тәрбие нәтижелеріне тікелей байланысты. Біілімгердің танымын кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби шеберлікке төселуінің бірден-бір жолы - жүйелі ұйымдастырылған білім беру.
««Филология»» кафедрасында ұжымдық ынтымақ пен пен үйлесім берік орныққан. Жас оқытушыларға тәжірибелі оқытушылар үнемі әдістемелік көмек беріп отырады. Соның нәтижесінде кафедраның ұйымдастыруымен ақын-жазушылардың шығармалары бойынша жоспарлы түрде іс-шаралар, пікірталастар, әдеби кештер өткізіліп тұрады.
Мамыт Амангелді –«Педагогика жәәне филология» факультетінің деканы ф.ғ.к.
Қалыбеков Болат Ермекұлыт- «Филология»» кафедрасының аға оқытушысы ф.ғ.к.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет